Батыс Қазақстан облысындағы Теректі ауданының шенеуніктері әйелдеріне тиесілі шаруа қожалықтарға жер телімін алып берген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, облыстық прокуратураға сілтеме жасап.
Нақты айтқанда, заңсыздыққа жол берген шенеуніктер арасында аудан әкімінің орынбасары мен жер қатынастары бөлімінің басшысы да бар. Олар «қызметіне лайық емес» деп танылып, сөгіс алумен ғана құтылған.
Әйелдерін жер телімімен жарылқаған теректілік шенеуніктердің өзі жер комиссиясының құрамында болған екен. Сөйтіп, білдей бір әкімнің орынбасары 2400 гектар жерді иеленіп алған.
Бір қызығы, олардың былығы әшкереленгенмен, жер телімдері мемлекет меншігіне әлі қайтарылмаған.