$ 494.87  520.65  4.91

«Кейбірінің мерзімі өтіп кеткен»: Алматыда жасырын цехтан 100 тонна дәрі-дәрмек тәркіленді

Күдіктілер күмәнді препараттарды қолдан жасап, қорабын өздері қаптап, заңсыз сатумен айналысқан. Олардың қанша дана дәріні өткізіп үлгергені анықталып жатыр.

Алматыда дәрі-дәрмек жасайтын жасырын цех әшкереленді. Құзырлы орган өкілдері күдіктілерден 100 тонна медициналық препарат тәркілеген, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Қалалық прокуратура мен экономикалық қылмысты тергеу департаментінің қызметкерлері жедел іздестіру шарасы барысында дәрі-дәрмектердің сыртқы қорабын дайындайтын баспахана мен өндірілген заңсыз өнімді сақтайтын қойманы да тауыпты.

Күдіктілер күмәнді препараттарды қолдан жасап, қорабын өздері қаптап, заңсыз сатумен айналысқан. Олардың қанша дана дәріні өткізіп үлгергені анықталып жатыр. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, тиісті сараптама тағайындалды.

«Осыны ұйымдастырған үш азамат ұсталды. Оларға қатысты ҚР ҚК-нің 214-бабы («Заңсыз кәсіпкерлік») бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Дәрі-дәрмектің түрі анықталған болатын. Кейбір дәрі-дәрмектің мерзімі өтіп кеткен. Олар оны ауыстырып, астыртын цехта жасап отырған», - дейді Алматы қалалық Экономикалық тергеу департаментінің ресми өкілі Жақсылық Мырзахан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары