$ 494.87  520.65  4.91

Сәтбаевта «бұзақылық жасады» деген айыппен 3 адам қамауға алынды (ВИДЕО)

Куәгерлер түсірген видеода полиция бөлімінің жанында қираған оншақты машина тұр.

Сәтбаев қаласының соты 5 жасар бала жоғалған кезде бұзақылық жасады деген күдікпен үш азаматты тұтқынға алуға санкция берді.

«Үш азаматты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Қыз ұрлаған күдіктіге полиция бүгін санкция береді», - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Бұзақылық жасады деп ұсталғандарға қандай айып тағылғаны әзірге белгісіз. Полиция қызметі мен азаматтарға келтірілген шығын да айтылған жоқ. Дүрлігу кезінде зардап шеккендердің мүлкіне кім жауап беретіні айқын емес.

Бұзақылық кезінде соққы алған Жезқазған қаласының полиция бастығы, полиция полковнигі Амангелді Құрманов мемлекеттік тілде байланыс орната алмаған соң қарсылыққа ұшырады деген де болжам бар. Кейбір куәгерлер ол ішімдік ішкен күйінде халық алдына шыққан деп те жазып жатыр.

Полиция бөлімшесінің алдына жиналғандар қолдарына түскен тастарды лақтырып, көліктерді қиратқан. Куәгерлер түсірген видеода полиция бөлімінің жанында қираған оншақты машина тұр. Видеоның жалғасы жастардың полиция көлігіне тас лақтырып жатқанын көрсетеді.

Ләззат ҚОЖАХМЕТОВА

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары