$ 449.58  486.94  4.86

Карантин: елордада 50 хаттама толтырылып, 12,4 миллион теңге айыппұл салынды

Қазір Нұр-Сұлтан қаласының ТКҚСҚБ департаментінің аумақтық басқармаларына пудандық полиция басқармаларынан карантинді бұзуға қатысты 250-ден астам материал келіп түскен.
фото: polisia.kz
фото: polisia.kz

Елордада карантин шараларын сақтамағандарға 12,4 миллион теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Нұр-Сұлтан қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне сілтеме жасап.

«Қалалық департаменттің аумақтық басқармалары 5 шілдеден бастап жеке тұлғалар мен кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты қатаң шектеулі карантин шараларын сақтамағаны үшін жалпы сомасы 12 472 220 теңге әкімшілік құқық бұзушылық туралы 50 хаттама жасады.

Жеке тұлғалар мен кәсіпкерлік субъектілері Қазақстандағы және Нұр-Сұлтан қаласындағы коронавирус инфекциясына байланысты эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнаманың талаптарын сақтамайды.

Атап айтқанда, нысандардың жұмыс режимі сақталмайды, маска тақпайды, әлеуметтік қашықтық сақталмайды, қызметі уақытша тоқтатылған объектілер жұмыс істеп тұрған» делінген хабарламада.

Қазір Нұр-Сұлтан қаласының ТКҚСҚБ департаментінің аумақтық басқармаларына пудандық полиция басқармаларынан карантинді бұзуға қатысты 250-ден астам материал келіп түскен.

«Олар зерделеу және қарау сатысында. Кәсіпкерлер арасында да, қала тұрғындары арасында да карантинді бұзушыларға қарсы шаралар қолданылды. Тек қатаң карантин шаралары коронавирустың таралуын тоқтатуға көмектесетінін айта кету керек» делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары