$ 494.87  520.65  4.91

Бір педофилдің кесірінен Сәтбаев қаласының 15 тұрғыны қамауға алынды

Ашулы топ қорғанды бұзып, ауладағы ағаш жабынды мен қайтыс болған полицейлерге арналған ескерткішті, сондай-ақ, терезелер мен шамдарды сындырған. Бұдан бөлек, қызметтік көліктерді зақымдаған.
фото: видеодан скриншот
фото: видеодан скриншот

«Бұзақылық жасады» деген айыппен Сәтбаев қаласының 15 тұрғыны қамауға алынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Еске сала кетсек, шілденің 24-іне қараған түні бір топ жас полиция ғимаратына тас лақтырып, 5 жастағы қызды зорлады деген күдікпен ұсталған педофилді қолға түсіруге тырысқан.

Тәртіп сақшылары оларды тоқтатуға бар күшін салғанымен, ашулы топ қорғанды бұзып, ауладағы ағаш жабынды мен қайтыс болған полицейлерге арналған ескерткішті, сондай-ақ, терезелер мен шамдарды сындырған. Бұдан бөлек, қызметтік көліктерді зақымдаған.

Тәртіп бұзған азаматтар енді заң алдында жауап беретін болады. Ал әлеуметтік желіге осы жайтқа қатысты видеоүндеу жариялаған жергілікті тұрғын полиция басқармасының жертөлесінде 50-60 адамның қамалып жатқанын мәлімдеген еді.

Бір педофилдің кесірінен бірнеше азаматтың қызбалыққа салынып, «артық қыламын деп тыртық қылғаны» өкінішті-ақ, әрине.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары