Павлодарда Әуе десантының сапында болған 22 десантшыға айыппұл салынды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Олар Әуе десанты әскерлерінің күнінде көшеге шығып, саптық маршпен жүріп өткен. Тұрғындар түсірген бейнежазбадан олардың бірде-біреуінде бетперде жоқ екенін байқауға болады.
Саптық маршқа қатысушылардың кім екені анықталып, полицейлер оларға карантин талабын бұзды және көшеде көлік қозғалысына кедергі келтірді деген айып тақты.