$ 494.87  520.65  4.91

Қытаймен шекарада 90 млн. теңгенің жасырын тауары анықталды

Қытайдан 90 млн. теңгеге заңсыз тауар жеткізгендер анықталды. Бұл туралы бүгін брифингте ҚР ҚМ КБК Контрабандаға қарсы күрес басқармасы басшысының орынбасары Ерден Жұма мәлім етті, деп хабарлайды «Қазақпарат».

― Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде кедендік декларацияларында әкелінетін салық салынатын тауарлардың орнына салығы аз төленетін тауарлары көрсетілетін схема белгіленген (жасырын тауарлар). Ағымдағы жылғы 15 шілдеде Кедендік бақылау комитеті Контрабандаға қарсы күрес басқармасының жедел әрекет ететін мобильдік тобы мен Алматы облысы бойынша КБД қызметкерлері жедел ақпаратты пысықтау шеңберінде Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Саймасай кентінде орналасқан өндірістік базаның аумағында ҚХР-дан жүк машинасымен әкелінген халық тұтынатын тауарларды заңсыз қайта тиеу фактісін анықтады, ― деді ол.

Е.Жұманың сөзіне қарағанда, көліктің шанағын тексеру барысында кедендік декларацияда көрсетілген кафель мен әйнек мақтасының орнына бағасы қымбат тұратын халық тұтынатын тауарлар анықталды. Осы орайда жалпы сомасы 90 млн. теңгеден астам сомаға киім, планшет, сағат, ұялы телефон мен оған арналған аксессуарлар жеткізілгені белгілі болды.

― Қазіргі уақытта бұл іске кеден және басқа да құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатыстылығы тексерілуде. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 209-бабы 3-бөлігінің «б» тармағы, яғни ұйымдасқан топпен жасалған экономикалық контрабанда бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде, ― деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары