$ 444.22  476.38  4.82

Кішкентай қызды қағып өлтірген жүргізушіні куәгерлер соққыға жықты (ВИДЕО)

Кеше түнде Алматыда жолаушылар жолағынан өтіп бара жатқан екі қызды «Опель» көлігі қағып кеткен. Жүргізуші қаққан күйі тоқтамай кетуді ойлағанымен, куәгерлер қуып жетіп, қайтып әкеліп соққыға жыққан, деп хабарлайды dorpat.kz.

Оқиға Жансүгіров және Чегерин көшелерінің қиылысы тұсында болған. Куәгерлердің айтуынша, орта жастағы қыз бен қасындағы кішкентай сіңлісі жолаушылар жолағымен өтіп бара жатқанда «опель» көлігі қатты жылдамдықпен келіп қаққан. Жылдамдықтың қатты болғаны соншалық, қос жолаушы ала жолақтан ары бірнеше метрге дейін ұшып кеткен. Белгілі болғандай, кішкентай қыз небәрі 7 жаста екен. Екеуі де дереу ауруханаға жеткізілгенімен, сіңлісі жан сақтау бөлімінде көз жұмды. Ал, 19 жасар әпкесі ауыр хәлде жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары