$ 494.87  520.65  4.91

Сыбайлас жемқорлық фактісімен Қорғаныс министрлігінің 7 лауазымды тұлғасы сотталды

«Осы жылдың 7 айында 2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда қылмыстық істердің саны 11-ден 31-ге дейін үш есеге артты», - дейді агенттіктің аппарат басшысы Қуаныш Жапақов.
фото: webpress.kz
фото: webpress.kz

Биыл Қорғаныс министрлігі саласында жасалған сыбайлас жемқорлық қылмыстардың саны артқан. Бұл туралы Antikor News жобасының тікелей эфирінде айтылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Биыл Қорғаныс министрлігі саласында жасалған сыбайлас жемқорлық қылмыстардың саны артқанын атап өткен жөн. Осы жылдың 7 айында 2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда қылмыстық істердің саны 11-ден 31-ге дейін үш есеге артты. Оның ішінде: 22-сі (2019 ж. 7 айда - 9 іс) сотқа жіберіліп, Қорғаныс министрлігінің 7 лауазымды тұлғасы сотталды», - дейді агенттіктің аппарат басшысы Қуаныш Жапақов.

Ол өткен аптада Қорғаныс министрлігінің кадр қызметінде жүйелі сыбайлас жемқорлық фактілері анықталғанын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары