$ 494.87  520.65  4.91

Елордада «KAIF SPA» атты боди массаж салоны түнде 7 адамды қабылдаған

Тәртіп бұзушыларға қатысты түнгі уақытта тыныштықты бұзу, алкогольді сусындарды ішу, кальян шегу және басқа да заңбұзушылықтар үшін әкімшілік хаттама толтырылды.

Нұр-Сұлтанда карантин шараларын бұзғандар жауапқа тартылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласы аудандық полиция бөліміне Телқоңыр көшесінде массаж салоны бас санитар дәрігер қаулысының нормаларын бұзып, жұмыс істеп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Түнгі сағат 02:00-де ол жерге полицейлер, эпидемиолог мамандар және аудандық әкімдік өкілдері барды.

«Тексеру кезінде екіқабатты коттедж ішінде боди массаж қызметін көрсететін «KAIF SPA» салоны орналасқаны, сол кезде ішінде 7 ер адамға қызмет көрсетілгені анықталды. Тәртіп бұзушыларға қатысты түнгі уақытта тыныштықты бұзу, алкогольді сусындарды ішу, кальян шегу және басқа да заңбұзушылықтар үшін әкімшілік хаттама толтырылды», - делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, тексеріс кезінде сол жерде орналасқан «Respublic» дәмханасы әкімшісінің карантин шектеулеріне қарамастан, клиенттерді сағат 23:00-ден кейін қабылдап жатқаны белгілі болды. Сауран көшесінде орналасқан ретро-барға келушілер әлеуметтік қашықтықты сақтамаған. Барлық жиналған материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары