$ 494.87  520.65  4.91

Нұр-Сұлтанда 2 млн теңге тұратын құрылыс материалдарын ұрлағандар ұсталды

Ұсталғандар уақытша тергеу абақтысына қамалды. Олардан ұрлық фактісі бойынша айғақ заттар алынды.
фото: khabar.kz
фото: khabar.kz

Елорданың криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздеу шаралары кезінде бұған дейін сотталған 3 адамнан тұратын қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Нұр-Сұлтан қаласының ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу барысында күдіктілердің құрылыс нысанындағы ғимараттың құлпын бұзып кіріп, ішінде жатқан жалпы сомасы 2 млн теңгеге жуық құрылыс материалдары мен қымбат тұратын құралдарды ұрлап әкеткені анықталды. Ұсталғандар уақытша тергеу абақтысына қамалды. Олардан ұрлық фактісі бойынша айғақ заттар алынды.

Қазір Қылмыстық кодекстің 188-бабы («Ұрлық») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Егер аталған үшеудің заңға қайшы әрекетінен зардап шеккен азаматтар болса, Нұр-Сұлтан қаласының Бейбітшілік көшесі, 19 мекенжайында орналасқан Полиция департаментіне немесе 8 (7172) 71-60-69 телефон нөміріне хабарласа алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары