$ 494.87  520.65  4.91

Елордалық шенеунік 4 базардан тұрақты түрде заңсыз алым алып жүрген

Оған қоса, бұрыннан келісілген сомаға ол қамқорлық жасап келген. Параның мөлшері 16 мыңнан 700 мың теңге аралығын қамтиды.
фото: inform.kz
фото: inform.kz

Нұр-Сұлтанда Ауыл шаруашылығы министрлігінің лауазымды тұлғасының пара алу фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі Мемлекеттік инспекция комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің лауазымды тұлғасына қатысты тұрмыстық сыбайлас жемқорлық, сондай-ақ, шағын және орта бизнеске араласуы бойынша тергеуді бастады. Ол жүйелі түрде 4 базардың кәсіпкерлік субъектілерінен заңсыз алым алып келген.

Ақша ауылшаруашылық өнімдері мен ағаш материалдарын сату кезінде сәйкестік сертификаттарының болмауына байланысты әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін, сондай-ақ, импортталатын, реттелетін өнімдерді баратын жерінде екінші карантиндік тексеруге жатқызбағаны үшін алынған. Оған қоса, бұрыннан келісілген сомаға ол қамқорлық жасап келген. Параның мөлшері 16 мыңнан 700 мың теңге аралығын қамтиды. Күдіктіге қатысты 2 айға қамауға алу түрінде алдын алу шарасы санкцияланды. Тергеу жалғасуда.

Еске сала кетсек, биылғы жылдың 4-30 тамызы аралығында өткізілген жедел-іс-шаралар барысында 17 пара алу және 16 пара беру фактілері анықталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары