$ 494.87  520.65  4.91

Жарылғыш заттарды сатқан қылмыстық топ мүшелеріне қатысты сот үкімі шықты

Бұлар 2019 жылдың қазан-қараша айларында салмағы 52 кг «Петроген-П» жарылғыш заты мен 60 дана «Искра-Ш», «Коршун-М ДИН-Ш» электрсіз жарғыш құралдарын сатқан.

Степногорск қалалық соты Ақмола облысының аумағында жарылғыш заттарды заңсыз сатумен айналысқан қылмыстық топ мүшелеріне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, ҰҚК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылмыстық кәсіпті ұйымдастырған О.Головлёв пен Н.Кабдушев ҚР Қылмыс кодексі 24-ші бабының 3-ші тармағы және 287-ші бабының 3-тармағымен көзделген қылмыстар (қару-жарақ, оқ-дәрі жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, сату, сақтау, тасымалдау және өзімен алып жүру) бойынша айыпты деп танылып, 3 жыл 2 айға бас бостандықтарынан айыруға үкім шығарылды.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың 20 қарашасында Ақмола облысы бойынша ҰҚК Департаментінің қызметкерлері «Қазақалтын тау-кен металлургиялық концерні» акционерлік қоғамының бөлімшелерінен, әрі қарай сатып пайда табу мақсатында жарылғыш заттарды ұрлауға қатысы бар деген күдікпен «Головлёв-Кабдушев» қылмыстық тобының мүшелерін ұстаған болатын.

Бұлар 2019 жылдың қазан-қараша айларында салмағы 52 кг «Петроген-П» жарылғыш заты мен 60 дана «Искра-Ш», «Коршун-М ДИН-Ш» электрсіз жарғыш құралдарын сатқан.

О.Головлёв пен Н.Кабдушевтің тұрғылықты мекендерін тінту барысында тағы да 100 килограмнан астам «Петроген-П», 7,5 килограмнан астам «Аммонит» жарылғыш заттары, сондай-ақ 382 дана капсюль-детонаторлар мен толқынды-соққы түтікшелерінің кесінділері табылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары