$ 494.87  520.65  4.91

Карантин: астанада түнгі клубтың 25 жастағы әкімшісі қамауға алынды

Ол бұған дейін де Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекс бабын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған. Соған қарамастан, аталған клубта тағы бір сауық кеші ұйымдастырылып отыр.
фото: turkystan.kz
фото: turkystan.kz

Елордада карантиндік шараларды бірнеше рет бұзғаны үшін 25 жастағы түнгі клуб әкімшісі бір тәулікке қамауға алынды. Полицейлердің хабарлауынша, тыйым салынғанына қарамастан, 30-ға жуық азамат клубта бас қосып, ереже бұзғаны анықталған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Sputnik-ке сілтеме жасап.

Ал түнгі клубтың әкімшісі бұған дейін де Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекс бабын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған. Соған қарамастан, аталған клубта тағы бір сауық кеші ұйымдастырылып отыр.

Осы жағдайға байланысты тиісті материалдар жиналып, сотқа жолданған. Сот үкімімен бойжеткен бір тәулікке қамауға алынды. Сонымен қатар, карантинді бірнеше рет бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 425-бабы бойынша хаттама толтырылып, Алматы ауданы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасын қадағалау басқармасына жіберілді.

Бұл ретте, полиция өкілдері қала тұрғындарына ойын-сауық мекемелерінде коронавирусты жұқтыру қаупі артқанын ескертеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары