$ 494.87  520.65  4.91

Жеке тұлғалардың мүлік және жер салықтары біріктіріледі

Бұл ретте салық төлеушіге төленуге тиіс сома бір бюджеттік сыныптама кодымен ұсынылады.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Салықтарды біріктіру салық элементтерін (салық салу объектісі, салық базасы, мөлшерлемелер, есептеу және төлеу тәртібі) өзгертпей жүзеге асырылады, деп хабарлайды zakon.kz Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

Бұл жағдайда жер учаскелері мен мүлік бойынша салық қолданыстағы тәртіпке сәйкес жеке-жеке есептеледі.

Бұл ретте салық төлеушіге төленуге тиіс сома бір бюджеттік сыныптама кодымен ұсынылады.

Осылайша, бұл норма жеке тұлғалар үшін төлеу тәртібін жеңілдетеді. Заңда бұл норманы 2020 жылдан бастап енгізу көзделген, яғни 2021 жылы 2020 жылғы міндеттемелер бойынша мүлік пен жерге біріктірілген салықты төлеу көзделген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#салық