$ 444.22  476.38  4.82

БАҚ туралы жаңа заң 2022 жылы қабылданады

Министр мемлекеттік ақпараттық тапсырыстар ұсынудың жаңа ережелері бойынша жұмысты атап өтті.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Бұқаралық ақпарат құралдары туралы жаңа заң 2022 жылы әзірленіп, қабылданады деп жоспарланып отыр. Бұл жөнінде кеңейтілген алқа отырысында ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мәлімдеді.

Министр мемлекеттік ақпараттық тапсырыстар ұсынудың жаңа ережелері бойынша жұмысты атап өтті. Ол ережелерді жаңарту бұқаралық ақпарат құралдары туралы жаңа, сапалы заң қабылдауға алып келетініне назар аударды.

"Түпкілікті мақсат – мемлекеттің бірыңғай ақпараттық саясатының заңмен қамтамасыз етілген механизмдерін қалыптастыру. Осы жылы заң жобасы қоғамда қызу талқыланады деп ойлаймын. Бұл 2022 жылы БАҚ туралы жаңа заңды қабылдауға оң ықпал етеді", - деп мәлімдеді Балаева.

Оның айтуынша, 2020 жылы министрлік журналистердің біліктілігін арттыруға және жалпы осы мамандықты дамытуға назар аударды.

"8 ақпаннан бастап алғашқы 50 журналист Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да медицина тақырыбы бойынша мамандандырыла бастайды. 15 ақпаннан бастап Гумилев атындағы ЕҰУ-де кем дегенде 50 журналист діни саладағы білімдерін арттырады. Ал 22 ақпаннан бастап тағы 50 журналист әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында экология пәнінен сабақ оқуды бастайды", - деді Балаева.

Ол дәл осындай жұмыстар құқықтық, аграрлық, әлеуметтік-еңбек және экономикалық саладағы жоғары оқу орындарымен де жүргізілетінін айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#БАҚ #Жаңа заң