Ірі көлемде пара алып жатқанда ұсталған Қазақстан Жоғарғы сотының судьясы 2 айға қамауға алынды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының тергеу соты мәлімдеді деп хабарлады newsroom.kz
2021 жылы 11 ақпанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Жоғарғы соттың ішкі қауіпсіздік бөлімінің бірлескен іс-шарасының нәтижесінде Жоғарғы соттың судьясы Ж. ұсталған болатын.
«2021 жылғы 9 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты судьяға қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», – делінген елорданың тергеу сотының хабарламасында.