$ 447.4  477.55  4.76

Ана мен бала мәселесі полиция назарында

Тәртіп сақшылары ана мен бала мәселесіне бей-жай қараған емес. Өйткені олар әрқашан қолдау мен көмекті қажет етеді.
фото: polisia.kz
фото: polisia.kz

Бүкіл облыста көптен күткен жазғы мектеп каникулының басталуына санаулы күндер қалды, полиция балалардың жол-көлік жарақаттарының алдын алу бойынша профилактикалық шараларын күшейтті деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

 Жылдам велосипедтер, электр скутерлер, гиро скутерлер - соңғы жылдары жастар жақсы көретін көліктердің тізімі кеңейді.
Сонымен қатар, жолдарда көлік саны да көбейді. Балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында полиция мектептерде кеңейтілген дәрістер оқиды, көшеде жас велосипедшілермен сөйлеседі, олардың ата-аналары мен тәрбиешілерге кеңестерімен бөліседі.

Мұрат Айтхожин атындағы No1 орта мектептің қабырғасында тәртіп сақшылары төртінші сынып оқушыларымен кездесті. Бұл мектеп қала орталығында, базардың жанында орналасқандықтан, оның айналасында көлік өте тығыз жүреді. Ювеналды және патрульдік полиция қызметкерлері жаяу жүргіншілерге қатысты жол қозғалысы ережесінің негізгі тармақтары туралы оқушыларға баяндап, оның маңыздылығын түсіндіріп берді. Осылайша олар балалардан осы ақпаратты үйдегі іні-қарындастары мен ауладағы достарымен бөлісуін сұрады.

Жергілікті полиция қызметі мен патрульдік полиция қызметкерлерінің тағы бір тобы No27 орта мектепке барды. Төртінші сыныпты аяқтайтын балалар да жол қозғалысына қатысты мәселені жан-жақты талқылады. Полиция алдын-ала талдау жүргізген, сондықтан мақсатты аудитория кездейсоқ емес: төртінші сыныпқа дейін балалардың көпшілігі мектепке әкелініп, ата-аналары алып кетеді, ал бесінші сыныптан бастап көбіне балалар өздері барып, өздері қайтады.

Полиция қызметкерлері балаларды аталған тақырып төңірегінде сұрақтар қоюға шақырып, жол белгілерінің мағынасы бойынша ойын викторинасын өткізді. 
Соңында полиция қызметкерлері мектеп оқушыларын жол ережелері тақырыбында безендірілген дәмді торттар сыйлап, балаларды қуантты. Сонымен қатар қозғалыс диспетчерінің негізгі қимылдарының мағыналары туралы сабақ та өткізілді. Осындай іс-шаралар қазір облыстың барлық мектептерінде өткізілуде: 12 мамырда Ішкі істер министрлігінің бастамасымен «Назар аударыңыз-балалар!» Республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.

СҚО ДП жергілікті полиция бөлімінің бастығы Айдин Байматовтың айтуынша, ағымдағы жылдың төрт айында облыстың жолдарында балалардың қатысуымен 12 жазатайым оқиға тіркеліп, нәтижесінде 13 бала зардап шеккен. 
Апат кезінде жарақат алған 13 баланың 9-ы жаяу жүргіншілер болған. Сондай-ақ, 13 апаттың талдауы бойынша тек екі апатқа балалардың өздері себеп болған. Осыған байланысты полиция мектеп оқушыларын, олардың ата-аналарын, мұғалімдерін, сондай-ақ жүргізушілерді жол ережесін қатаң сақтауға шақырады; көлікті тұраққа қояр кезде тек жолда ғана емес, көпқабатты үйлердің аулаларында да абай болған жөн.

Жалпы, төрт айда Солтүстік Қазақстан облысының жолдарында 48 апат тіркеліп, нәтижесінде 6 адам қайтыс болып, 60 адам жарақат алғаны анықталды.

Көп балалы отбасына көмек көрсетті

13 мамырда Ораза айт мерекесіне орай Абай аудандық полиция бөлімінің анықтама бөлімінің қызметкерлері жалғыз басты көп балалы анаға қайырымдылық көмек көрсетті. Полиция бұл төрт балалы отбасын азық-түлікпен және алғашқы қажеттіліктермен қамтамасыз етті.

- Қасиетті Рамазан айының аяқталуына арналған мерекеге мен және менің әріптестерім көпбалалы отбасына қажетті өнімдерді жеткіздік. Біз осындай қайырымдылық шараларын үнемі өткізіп отырамыз. Біз әрқашан мұқтаж жандарға қолдау мен көмек көрсетуде белсенді болуға тырысамыз », - дейді , Абай аудандық кәсіпкерлік бөлімінің тергеушісі Нұртаза Ділдәбек.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары