13.07.2021, 17:15

Жол бойындағы жауынгер жандар

фото: polisia.kz
Жауынгерлік үлкен ерлікті қажет етпейді. Кішкентай көмектің өзі үлкен трагедияның алдын алуы мүмкін.

Жол-патрульдік полициясы тас жолдағы тәртіпті бақылап қана қоймай, қиын жағдайға тап болған жандарға дер кезінде көмек қолын соза білетін жанашыр жандар. Осыған дәлел ретінде Skifnews.kz ақпараттық порталы шілде айының басындағы болған 1-2 оқиғаны баяндап бермек. 

Жарақат алған балаға жәрдемдескендер

Шығыс Қазақстан облысында патрульдік полиция жарақат алған баланы жедел түрде ауруханаға жеткізді. ШҚО ДП Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Қайсар Қырықбаев пен Қуаныш Маушанов Шемонаиха - Өскемен тас жолында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әдеттегідей қызметтерін атқарып жүреді. Бір уақытта полиция қызметкерлері тас жолда өте жоғары жылдамдықпен келе жатқан көлікті байқайды. 

Патрульдік полицейлерді көрген жүргізуші өз көлігін тоқтатып, сыртқа жүгіріп шығып, сақшылардан жарақат алған баласын жеткізуге көмектесуін сұрайды. Жағдайды бірден түсінген тәртіп сақшылары көлікке отырып, әкесі мен жарақат алған баланы облыс орталығында орналасқан Шығыс Қазақстан облысы Ана мен бала орталығына дейін алып жүре бастайды. 

Одан бөлек, полицейлер жолда келе жатқан көлік жүргізушілеріне дауыс зорайтқыш арқылы қозғалыс кезінде жол ашып, көмек көрсетуін бірнеше рет сұрайды. Бірақ, өкінішке орай, біраз жүргізуші бұл өтінішке реакция білдірмеген.  Тәртіп сақшылары жедел түрде машинаны ауруханаға дейін алып барады.   Дәрігерлер оларды қарсы алып, жарақаттанған балаға қажетті көмек көрсетеді.

 - Балам трассада келе жатып, велосипедтен құлап, қатты жарақат алды. Мен оны қалаға, ауруханаға алып шықтым. Шемонаиха - Өскемен тас жолында біз 140 нөмірлі патрульдік экипажды кездестірдік. Мен полицей қызметкерлерінен ауруханаға тезірек жетуге көмектесуін сұрадым, өйткені балам қатты ауырып жатты. Олар маған дереу келісіп, жол бойында «жасыл дәліз» ұйымдастырды. Балам велосипедтен құлағаннан басынан қатты жарақат алып, жақ сүйегіне зақым келген. Ол қазір ауруханада ем қабылдап жатыр. Жағдайы тұрақты. Мен жігіттерге зор алғысымды білдіргім келеді, - деді Шемонаиха ауданы, Зевакино ауылының тұрғыны Михаил Сизиков.

Қайғылы оқиғаның алдын алғандар

Түркістан облысының полиция қызметкерлері көлік жүргізу кезінде есінен танған қызды құтқарып қалды.  Кезекті қызметтеріне кіріскен Түркістан облысы теміржол министрлігі патрульдік полиция батальонының инспекторлары Жанали Шатаев пен Ернар Исахов Алматы-Ташкент-Термез тас жолында бағдарын жоғалтып, теңсетіліп келе жатқан Toyota Camry-ді байқап қалады.

Полицей қызметкерлері автокөлік экипажы жүргізушісіне көмек қажет екенін бірден түсінеді. Солайша олар арнайы жарқылдатқыш маяктарды қосу арқылы көлікті тоқтатады. Анықталғандай, жас қыз көлік жүргізіп келе жатып есінен танып қалған. Оның рульді дұрыс бағытқа қозғауға күші қалмағанын көрген патрульдік полиция қызметкерлері дереу жедел жәрдем шақырады. Сондай-ақ, офицерлер өздері де уақытты жоғалтпастан, оған алғашқы медициналық көмек көрсете бастайды.

 - Көліктің бір жақтан екінші жаққа тербеліп келе жатқанын байқап, біз бірден оған қарай асыға жеттік. Рульде отырған қыздың есін жоғалтқанын білдің. Әріптесімізбен бірге біз қызды салонның артқы орындығына тез отырғызып, жансызданған қолдарына массаж жасай бастадық. Оған су беріп, тиісті көмек көрсеттік. Көп ұзамай жедел жәрдем келді. Дәрігерлер қызды жақын маңдағы ауруханаға жеткізді. Осыдан кейін біз қыздың ата-анасына хабар беріп, көлікті оларға тапсырдық, - деді Ернар Исахов. 

Қазіргі таңда көлік жүргізіп бара жатып өзін нашар сезінген қыздың жағдайы қанағаттанарлық. Оның ата-анасы қызына жедел медициналық көмек көрсеткен Түркістан облысы ДП патрульдік полиция инспекторларына үлкен ризашылықтарын білдірді.

-Қызымның қан қысымы төмендеп, мазасы қашып, рульге ие бола алмай қалған. Полиция қызметкерлері дәл уақытында байқап, дереу қызыма көмекке келіп, «Жедел жәрдем» шақырыпты. Қиын жағдайдың алдын орап, қызымызды аман алып қалған Түркістан облысы полиция департаментінің өкілдеріне осы жақсылықтары үшін алғысымызды білдіреміз. Алланың нұры жаусын! – деді қыздың анасы.