$ 444.22  476.38  4.82

Жақсылықтың үлкені мен кішісі жоқ

Олардан көмек сұраған кез келген азаматқа барынша қолдау көрсетуге дайын тұрады.

Расымен, ізгілік пен мейірім, жанашырлық пен қолдаудың үлкен, кішісі болмайды. Біреуге қиындықтан шығу үшін көлемді материалдық көмек қажет болуы мүмкін. Ал біреуге жай ғана сөзбен айтылатын моральдық қолдаудың өзі жеткілікті. Дегенмен, бұларды өзара салыстыра отырып, біреуі артық, біреуі кем деп айту орынсыз. Тәртіп сақшылары үшін де дәл солай. Бірде халықаралық деңгейдегі қылмыскерді ұстап, алып контрабанданың жолын кеседі. Ал бірде жай ғана қарапайым тұрғынның жоғалған затын тауып беріп, алғысына бөленеді. Екеуінің де салмағы бір. 

Тұрғын тілегін ескерусіз қалдырмады

Тәртіп сақшылары үшін жақсылықтың үлкені мен кішісі жоқ. Олардан көмек сұраған кез келген азаматқа барынша қолдау көрсетуге дайын тұрады. Мына жайттың өзі соның айқын дәлелі.
Жергілікті тұрғындардың бірі Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне бір сиырдың жайылымнан жоғалып кеткенін хабарлаған. Келтірілген шығынның жалпы сомасы шамамен 200 мың теңгені құрады. 

Хабарды естіген жергілікті инспекторлар Ержігіт Оспанов пен Оралбай Қанаділов бірден оқиға орнына аттанған. Тәртіп сақшылары тиісті жұмыстарды жүргізіп, жоғалған сиырды іздеуге кіріседі. Олар жол бойында төрт түліктерді тасымалдаған көліктерді тексереді. Жергілікті полиция қызметкерлері жоғалған сиырды жайылымнан15 шақырым жерде, көрші ауылдың маңынан табады. Сонан соң сиырды полицейлер заңды иесіне жеткізуге көмектеседі.

- Мен Шаян ауылының тұрғынымын. Кешке сиырым жайылымнан оралмады. Содан мен полицияға бардым. Учаскелік полиция қызметкерлері Оралбай Қанаділов пен Ержігіт Оспанов келіп, дереу іздеу жұмыстарын жүргізіп, жоғалған сиырымды тауып берді. Жедел әрекет етіп, тез арада нәтижелі жұмыс жасаған полиция қызметкерлеріне үлкен алғысымды білдіремін! -деді ауыл тұрғыны ағынан жарылып.

Дәл уақытында көмекке келді

Түркістан қаласының тұрғыны учаскелік полиция инспекторларына велосипедін дер кезінде тауып бергені үшін алғысын білдірді. Оқиға былай өрбіген болатын.

 Жергілікті тұрғын Түркістан кезекші бекетіне «Урал» маркалы велосипедінің ұрланғанын хабарлайды. Жәбірленуші айтқандай, ұрылар ер адам дүкенге күн сайын жұмысқа баратын екі дөңгелекті көлігін ұрлап кеткен. Келтірілген материалдық шығынның жалпы көлемі 30 мың теңгені құрапты. 

Оқиға орнына жеткен учаскелік полиция қызметкерлері бірден велосипед іздеуге кіріседі. Олар дүкен мен көшеде орнатылған бейнебақылау камераларын мұқият тексереді, өтіп бара жатқандардан жолаушылардан сұрастырып, айналадағы барлық жерлерді қарап шығады. 
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күзетшілер велосипед ұрлаған күдіктіні үш сағат ішінде ұстайды.

Ол облыс орталығының тұрғыны болып шықты. Одан ұрланған мүлік тұрғылықты жері бойынша тәркіленді. Нәтижесінде полиция қызметкерлері табылған велосипедті заңды иесіне қайтарып берді. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктіге ешқайда кетпеу туралы қолхат берілген.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Алдыңғы жаңалық
Жаны жомарт жандар