$ 494.87  520.65  4.91

Жаны жомарт жандар

Тәртіп сақшылары көп жағдайда ел тұрғындары күткен де, күтпеген де көмекті көрсетуге әзір.
фото: polisia.kz
фото: polisia.kz

Күнделікті өмірдің ағысында түрлі жақсы да, жағымсыз да жайттар орын алып жатады.  Оның барлығынан хабардар болып отыру әсте мүмкін емес екені рас. Дегенмен, еліміздің елеусіз бір мекенінде немесе кішкентай ғана аймақта, жай ғана жүргіншілер жолында болып қалатын күтпеген қиындықтың өзі оны басынан өткеріп жатқан адам үшін ауыр болатыны айтпаса да түсінікті. Сондай сәтте жан жағынан қолдау мен көмек те күтеді. Ал тәртіп сақшылары көп жағдайда ел тұрғындары күткен де, күтпеген де көмекті көрсетуге әзір. 

Көп балалы отбасына қуаныш сыйлады

ШҚО арнайы жұмылдыру дайындығы басқармасының қызметкерлері тұрғылықты жері бойынша көп балалы отбасына барып, азық-түлік түрінде әлеуметтік көмек көрсетіп, балаларға жемістер мен тәттілер үлестіріп берген болатын. 

Әлеуметтік аз қамтылған отбасылар мен қолдауды қажет ететін жанұяларды назарынан тыс қалдырмайтын тәртіп сақшылары үшін бұл жай ғана қарапайым іс.

Бұл шара туралы ШҚО ДП арнайы жұмылдыру дайындығы департаменті бастығының орынбасары Серік Қалиев те:
 «Көпбалалы отбасыларға және қиын өмірлік жағдайдағы отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетуге әрқашан дайынбыз», - деп, ерекше ықыласын жеткізген еді.

Көпбалалы ана Оксана Рамазанова көмек көрсеткені үшін ДББЖЖ қызметкерлеріне үлкен ризашылығын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Қоғамнан ажырап қалуға жол бермеді

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар соцуим тарапынан қолдауды өте қажет етеді. Ұзақ жылдар темір торда отырған оларға өмірге қайта бейімделу оңай емес. Мамандығы, құжаттары, өмір сүруге қажетті құралдары болмаса, бұрынғы «тұтқындардың» бірі, өмірден өз орнын таба алмай, жаңа қылмыс жасауы мүмкін. Мұндай жағдайлардың алдын алу, адамға өз отбасына оралуына көмектесу үшін пробация қызметі түрмеден босатылған адамдарды қоғамға әлеуметтік бейімдеу ісімен айналысады.

Рухани тұрғыда қиналып жүрген адамды терең тұңғиықтан шығарып, өмірдің жарқын да сәттері бар екенін, оны сол қалпымен қабылдап, жақсы көре алатын, қол созуға дайын жандардың да табылатынын сезіндіру, жеткізу оңай дүние емес. Дегенмен сондай моральдық тұрғыдан шаршаған адамға жасалатын кішкентай қолдаудың өзі ол үшін үлкен қуаныш пен бақыт болуы мүмкін. Сондай қолдаудың дер кезінде көрсете білгендердің бірі пробация қызметкерлері еді.

Сонымен, Ақмола облысы бойынша ДУИС Көкшетау қаласының пробация бөлімі «Түрмеден босатылған азаматтарды әлеуметтік қолдау» жобасы және «Азаматтықты қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты аясында «Антарес А» ҚҚ -мен бірге қамқорлықты қажет ететін адамдарға азық -түлік себеттері түрінде әлеуметтік көмек берген болатын. Бөлімде тіркелген, әлеуметтік жағынан ең осал деген 19 адамға жақсы материалдық қолдау көрсетіп, барлығының жүзіне бір сәтке болсын қуаныш пен күлкі сыйлауға көмектескен еді.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары