Тәртіп сақшыларының жұмысы әрқашан күтпеген оқиғалар мен тосын жайттарға толы болатыны айтпаса да белгілі. Аса қауіпті қылмыстық операциялармен қатар ең қарапайым саналатын көмектің өзі сол полиция қызметкерлерінің құзырындағы жұмыс. Сырттай қарағанда қарапайым болғанымен, әрбір жасалған кішкентай әрекеттің маңызы орасан зор болуы да ғажап емес. Бұған себеп тәртіп сақшыларының түрлі жайттарға тап болған сәбилерді дер кезінде құтқарып қалуы.
Алтай қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері көшеде ойнап жүріп адасып кеткен екі кішкентай баланы дер кезінде тауып алды
Тамыздың аяғында, кешке қарай Алтай аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция взводының қызметкерлері қала көшелерінің бірінде патрульдеу кезінде ересектердің қарауынсыз ойнап жүрген балаларды байқап қалады.
Олармен әңгімелесу кезінде тәртіп сақшылары анықтағандай, 8 және 5 жастағы балалар ата–аналарымен бірге қонақтан үйге қайтып келе жатқан, алайда олар ата-аналарына ескертусіз велосипедпен жүріп олардан көз жазып қалған. Велосипедпен біраз жол жүріп кеткен балалар кері жол таба алмаған. Адасып қалғанын және көшені қараңғы басып бара жатқанын түсініп қорыққан балалар дүрбелеңге түсіп, ата-аналарын іздей бастайды. Полиция балаларды тыныштандырып, олардың денсаулығы мен өміріне ешнәрсе қауіп төндірмейтініне көз жеткізеді. Полиция қызметкерлері тез арада олардың ата-анасын тауып, содан кейін балаларды олардың қолына аман–есен табыстайды.
Кішкентай қызды терезеден құлап кетуден сақтаған күзетшіні марапатталды
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Ұлттық гвардияның жауынгері, қатардағы жауынгер Исмаил Сардаровты үш жасар қызды құтқарғаны үшін «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен марапаттады. Жауынгерге медальді 5547 әскери бөлімінің командирі Төлеби Чубаев бөлім бастығының атынан табыс етті. Ол әскери қызметшіге батылдығы мен адалдығы үшін ризашылығын жеткізді. Сонымен қатар оның жедел және дәл әрекетінің арқасында қыздың өмірі сақталғанына ерекше тоқталды.
Естеріңізге сала кетейік, 23 тамызда сағат 20.00 шамасында Қызылордада Ұлттық Гвардия жауынгерлері қоғамдық тәртіпті қорғау кезінде Желтоқсан көшесінде екінші қабатта электр сымдарының үстіндегі ашық терезеде тұрған жылап жатқан қызды байқап қалып, оның құтқарылуына ең алғашқы болып үлес қосқан.
- Кешке патрульдік маршрутта біз екінші қабаттың ашық терезесінде жылап тұрған баланы байқадық. Көршілердің айтуынша, үйде ешкім болмаған. Жігіттермен бірге тез арада баланы құтқаруға кірісіп кеттік. Алдымен мен кіреберістің шатырына көтеріліп, үйге бекітілген дүкеннің төбесіне шықтым. Содан кейін электр сымдары арқылы мен терезеге барып, баланы терезеден алып шықтым. Сол кезде келген полицейлер баланы жерге түсіруге көмектесті, - дейді Сардаров.