$ 494.87  520.65  4.91

Құтқарушы жауынгерлер марапатталды

Ерлан Тұрғымбаев қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға көмек көрсету ішкі істер органдарының күнделікті қызметі екенін баса айтты.
фото: polisia.kz
фото: polisia.kz

Отбасы - әр адамның өміріндегі басты құндылық. Ал полицейлер үшін - бұл маңызды нысан, оның қолдауына тәртіп сақшыларының барлық қызметі тәуелді. Жасыратыны жоқ, құқық қорғау органдарында қызмет ету қауіпті және қиын. Бірақ бұған қарамастан, полиция қызметкерлері өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп, азаматтарға көмекке келуге әрқашан дайын. 

Ел тұрғындарын төтенше жағдай мен түрлі оқиғалар кезінде құтқарып қалған полицейлер Ішкі істер министрлігінде марапатталды

Отбасы күні қарсаңында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев барлық жеке құрамды құттықтап, әр түрлі төтенше жағдайларда адамдарды және тұтас отбасын құтқаруда батылдық пен ерлік көрсеткен әр өңірден келген 12 қызметкерді марапаттады. 

«Қауіпті жағдайларда тәуекелге бел буып, ел тұрғындарының жан тыныштығы мен басының амандығы үшін біздің қызметкерлер кез келген жағдайға дайын, өйткені бейбітшілік, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігі, олардың сенімі-біздің ресми парызымыз және міндетіміз, - деп атап өтті бөлім бастығы.

Ерлан Тұрғымбаев қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға көмек көрсету ішкі істер органдарының күнделікті қызметі екенін баса айтты. Жалпы, тәуелсіздік жылдарында ішкі істер органдарының 1567 қызметкері мен әскери қызметшісі мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Қостанайлық полиция қызметкерлері жүкті әйелді құтқарғаны үшін медальдармен марапатталды

 Ішкі істер министрінің бұйрығымен Рудный қаласының патрульдік полициясы қызметкерлері Мақсұт Досыбаев пен Олжас Батырханов қызметте көрсеткен ерлігі үшін «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медальдарымен марапатталды. 

Сондай -ақ, отбасы күні қарсаңында полицейлер аталған тәртіп сақшыларының ата -аналарына ұлдарын лайықты тәрбиелегені үшін облыстық полиция департаменті басшылығының атынан алғыс хаттар табыстап, оларды құттықтады.

 Естеріңізге сала кетейік, 7 тамызда полицейлер аяғы ауыр әйелді құтқарған болатын. 
Рудный қаласының орталық көшесінде патрульдеу кезінде взвод командирі Мақсұт Досыбаев пен оның серіктесі Олжас Батырхановтан тұратын автопатруль аялдамада, жерде ес-түссіз жатқан әйелді көріп қалады. 

 Полиция қызметкерлері оған көмек көрсеткенде оның жүкті екенін және іштегі сәбидің бірнеше айлық екенін байқайды.

 - Біз жедел жәрдем шақырдық, өйткені басқаша мүмкін емес еді. Бұл жағдайда бірден екі адамның өміріне қауіп төнетіні анық. Сондықтан оны перзентханаға апару туралы шешім қабылданды. Жолда біз кезекші бөлімге хабарластық. Жедел науқас жеткізілетіні туралы хабар ауруханаға жіберілді, - дейді сол күнгі оқиға туралы Мақсұт Досыбаев. 

Рудный қаласының тұрғыны ауруханаға жеткізіліп, оған қажетті медициналық көмек көрсетіледі. 36 жастағы әйел полицияға көмектескені үшін және ең бастысы баласын құтқарғаны үшін ризашылығын білдірді. Полиция капитаны Мақсұт Досыбаев екінші рет ведомстволық медальмен марапатталды. 
Өткен жылы ол өртенген пәтерден зейнеткерді шығарып алып, өрттен құтқарғаны үшін «Өртке көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталған болатын.

Мақсұт ішкі істер органдарында 11 жылдан астам қызмет етті, барлық уақытта патрульдік полиция қызметкері болды. Назар аударарлық жайт, медальдар тапсырылған марапаттау салтанатында полицейлердің бірі Олжас Батырхановтың Ислам атты ұлы да болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары