Жыл басынан бері iшкi iстер органдары адам саудасына қатысты 192 қылмыстық iс қозғаған, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Бұл туралы бүгiн ҚР IIМ Криминалды полиция комитетi Адам саудасымен күрес бөлiмiнiң қызметкерi Шынар Көшербаева мәлім етті.
— Статистикаға келетiн болсақ, бүгiнгi таңда iшкi iстер органдары адам саудасы бойынша 192 қылмыстық iс қозғаған. Оның 3-еуі адамдарды ұрлауға, 4-еуі адамның бостандығынан заңсыз айыруға, 10-ы адам саудасына, 8-і кәмелетке толмағандарды жезөкшелiкпен айналысуға мәжбүрлеуге, 9-ы кәмелетке толмағандарды сатуға, 11-і жезөкшелiкпен айналысуға мәжбүрлеуге, 148-і «притондарды» ұстауға қатысты, — дейдi Ш.Көшербаева.
Оның айтуынша, әлеуметтiк тапсырыс аясында адам саудасының алдын алуға қатысты 2014 жылы республикалық бюджеттен әлеуметтiк ролик, үнқағаздар мен шетелге шығатындарға арналған ескертпе қағаздар әзiрлеу үшiн 1 млн. 300 мың теңге бөлiнген.
— Адам саудасы құрбандарының басым көпшiлiгi Алматы, Оңтүстiк Қазақстанда жиi тіркеледі. Оның басты себебi, iрi қалаларға адамдар жұмыс iздеп жиi келетiндiгiнде, — дейді Iшкi iстер министрлiгi өкiлi.