Түркіменстан билігі Рамазан айындағы «Гадыр гижеси» ("Қадір түні") қасиетті түні қарсаңында кезекті рет рақымшылық жарияламақ деп жазады centralasian.org.
Түркиялық бизнесмен әйелімен ажырасу үшін өзін атақты діндар Фетхулла Гүленнің ізбасары екенін айтқан. Бұл жайында Haber Türk газеті жазады.
АҚШ-та Түркия билігінен жасырынып жүрген "діндар" Фетхулла Гүленнің Германиядағы шәкірттері "либералды" мешіт ашты деп жазады "Новая эпоха". Гете мен Ибн Рушда атындағы құлшылық орталығы Берлинде орналасқан. Мұнда бір мезгілде әйелдер мен еркектер, гейлер мен лесбилер бір сап түзеп, намазын оқи береді.
Соңғы күндері еліміздегі қазақ-түрік лицейлері туралы дау қызып тұр. КТК телеарнасының кешегі жаңалықтары бұл отқа тіпті май құя түскендей болды. КТК бұл лицейлердің түрікке, Гүленге түк қатысы жоқ дегенді ишаралады. Тіпті көп жағдайда ишараламады да, кәдімгідей ашық кетті. Дәлел ретінде сол лицейлерді бітірушілерді сөйлетеді.