$ 494.87  520.65  4.91

Фетхулла Гүлен шәкірті Берлинде гейлер мен лесбилерге арналған мешіт ашты

АҚШ-та Түркия билігінен жасырынып жүрген "діндар" Фетхулла Гүленнің Германиядағы шәкірттері "либералды" мешіт ашты деп жазады "Новая эпоха". Гете мен Ибн Рушда атындағы құлшылық орталығы Берлинде орналасқан. Мұнда бір мезгілде әйелдер мен еркектер, гейлер мен лесбилер бір сап түзеп, намазын оқи береді.

Бір қызығы, мешіт евангелистер шіркеуінің үшінші қабатында орналасқан. Мұндай "мәрттікке" христиандар не үшін барды деген сұрақ көпшілікті алғашында мазалаған көрінеді. Кейінірек белгілі болғандай, мешіттің гомосексуалдарға арналатынын естіген евангелия дінбасылары гүленшілер идеясын қолдап, оларға өз ғимаратынан 90 шаршы метр орын босатып беріпті.

Гомосексуалдарға арналған мешітті Германиядағы танымал түрік заңгері, әйелдер құқығын қорғаушы Сейран Атес ашып отыр. Ол әйелдер мен еркектер арасында ешқандай бөлінушілік болмауы керек, гейлерге де исламнан орын табылады деп есептейді. Сондықтан, жаңа мешітте намазды бір мезгілде әйелдер мен ерлер, гомосексуалдар бір сапта тұрып оқи береді. Әйелдерге орамал тақпауға да рұқсат етілген.

Германия билігі аталған мешіт ашылысымен оның жанына күзет орналастырды. Өйткені, ислам шарттарына қарсы көзқарастағы мешітке шабуыл жасалуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары