$ 495.2  522.34  4.94

Тәжікстанда толассыз жауған жаңбырдан 13 адам қаза тапты

Бұл туралы ел президенті Эмомали Рахмонның баспасөз қызметі мәлім етті.
Фото: IRS баспасөз қызметі
Фото: IRS баспасөз қызметі

Кеше толассыз жауған жаңбыр салдарынан Вахдат пен Рудаки аймағында табиғи апат орын алып, салдарынан 13 адам, оның ішінде Вахдат қаласында 11 адам, Рудаки ауданында 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ел президенті Эмомали Рахмонның баспасөз қызметі мәлім етті.

Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтты.

Ол елдің премьер-министріне, Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс комитетіне және басқа да құрылымдарға табиғи апат салдарынан қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсетуді, сондай-ақ төтенше жағдайдың зардаптарын жою бойынша шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары