$ 498.34  519.72  4.85

СҚО-да шенеуніктер 54 мың гектар жайылымдық жерді заңсыз беріп жіберген

Жер заңнамасын сақтау мәселесі облыс прокуратурасының бақылауына алынды.
Фото: almaty-akshamy.kz
Фото: almaty-akshamy.kz

СҚО прокурорлары жер қатынастары саласында талдау жүргізу кезінде елдімекендерге жақын жайылымдарды заңсыз беру бөлігінде жүйелі заңбұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Skifnewskz ақпарат порталы. 

Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғалары Жер кодексінің талаптарын бұза отырып, жалпы ауданы 54 мың га ауылдарға жақын жерде 348 жайылымдық жерді заңсыз берген.

Қадағалау органының шаралары бойынша облыс әкімдігі мен облыстың Жер ресурстарын басқару департаменті сотқа талап қою арқылы ауданы 38 мың га 247 жер учаскесін қайтаруды қамтамасыз етті, қалған учаскелер бойынша жұмыс жалғасуда, - деп атап өтті прокуратура өкілдері.

Қадағалау органының ұсынымдары бойынша жайылым тапшылығын жою мақсатында әкімдіктер елді мекендердің жер көлемін 114 мың гектарға ұлғайтты, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен субъектілерімен жайылымдарға қажеттілікті жоюға бағытталған меморандумдар жасалды.

Аталған жұмыстар  нәтижесінде өңірде ауыл халқы үшін жайылымдық жерлердегі тапшылық 538 мыңнан 386 мың га дейін азайды, - делінген ведомство хабарламасында.

Жер заңнамасын сақтау мәселесі облыс прокуратурасының бақылауына алынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары