Соңғы жаңалықтар

клизма
Шымкенттің бас дәрігері клизмадан күйіп қалған баланың үйіне барды

Шымкенттің бас дәрігері клизмадан күйіп қалған баланың үйіне барды

Медицина қызметкерлерінің салғырттығынан зардап шеккен 10 айлық сәбидің отбасына барған қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев Жұқпалы аурулар ауруханасында болған келеңсіз жағдай үшін жеке өзінің атынан және медицина қызметкерлерінің атынан баланың ата-анасынан кешірім сұрап, әрдайым көмектесуге дайын екенін жеткізді.

Ыстық клизмаға күйіп қалған сәби ауруxанадан шықты

Алматыда Балалар педиатриясы және хирургиясы орталығынан ыстық клизмаға күйіп қалған 10 айлық сәби үйіне шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шымкентте клизмадан күйген 1 жасар баланың жағдай қалай?

Шымкент ауруханасында ыстық сумен жасалған клизмадан күйіп қалған сәби Алматыдағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында ем қабылдауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шымкентте клизмадан кейін күйіп қалған 1 жасар бала Алматыға жеткізілді

Шымкентте клизмадан күйіп қалған сәби санавиациямен  Алматыға жеткізілді. Ем қабылдауға барған бала Ғылыми педиатрия және балалар хирургия орталығына жатқызылған. Бұл туралы Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Мира Сүлейменова мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шымкентте 1 жасар балаға ыстық сумен клизма жасағандар жұмыстан қуылды

Шымкентте он айлық сәбидің күйіп қалуына себепкер болған 2 медбике мен аға медбике тергеу аяқталғанға дейін жұмыстан шеттетілді. Бұл туралы бүгін қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшыныңың міндетін атқарушы Ғалымжан Әбіш мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Күнде жылайды»: Шымкентте медбике 1 жасар балаға ыстық сумен клизма жасаған (ВИДЕО)

25 наурыз күні Шымкентте дене қызуы көтерілген 1 жасар бала жұқпалы аурулар ауруханасына түскен деп жазады «NewTimes.kz».