$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте 1 жасар балаға ыстық сумен клизма жасағандар жұмыстан қуылды

Шымкентте он айлық сәбидің күйіп қалуына себепкер болған 2 медбике мен аға медбике тергеу аяқталғанға дейін жұмыстан шеттетілді. Бұл туралы бүгін қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшыныңың міндетін атқарушы Ғалымжан Әбіш мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ғалымжан Әбіштің айтуынша, 10 айлық нәресте Шымкент қалалық  жұқпалы аурулар ауруханасына 25 наурыз күні түскен. «ЖРВИ орташа ауыр» диагнозымен ауруханаға жатқызылған баланың іші қатып қалған екен. Анасының айтуынша, баланың іш қатуына байланысты дәрігер тазалау клизмасын  тағайындаған. 

«Аурухана медбикесі 28 наурыз күні бұл процедураны жүргізу кезінде судың температурасын тексермеген. Ол температура 36 градус болу керек болса, балаға 50-60 градус ыстық сумен жасалған. Салдарынан баланы термиялық күйік шалған. Қазіргі уақытта балада 1-2 дәрежелі термиялық күйік байқалады және тері жамылғысының күйігі 1% - дан төмен. Баланы комбустиолог, балалар хирургы толық тексерді. Диагнозы мен жай-күйін ескере отырып, тиісті емдеу-диагностикалық іс-шаралар жасалуда. Қазіргі жағдайы тұрақты, қанағаттанарлық. Оң динамикалық өзгерістер бакйқалады. Бала тиісті емін одан әрі жалғастыру үшін облыстық балалар ауруханасының бейінді бөліміне ауыстырылды. Баланың жағдайында республикалық ұйымға ауыстыруды талап етпейді. Ата-аналармен және қызметкерлермен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі»,- деді Ғалымжан Әбіш.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары