$ 498.34  519.72  4.85

Латвияда екі жылдан кейін барлық орыс тілді БАҚ жабылуы мүмкін

Сөз болып отырған Ұлттық қауіпсіздік тұжырымдамасы.
Фото: news.myseldon.com
Фото: news.myseldon.com

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Латвиядағы қоғамдық БАҚ  арқылы орыс тілінде хабар тарату тоқтатылуы керек. Өткен сейсенбіде елдің жаңа Үкіметі жабық есік жағдайында қолдау тапқан Ұлттық қауіпсіздік тұжырымдамасының бір тармағы осыған арналған. Бұл туралы ORDA.KZ жазды деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Rus.lsm.lv бұрын атап өткендей, Мәдениет министрі Анита Логина:

Латвияда орыс тілінде хабар таратуды сақтау керек. Бұл жолы мен жаңа тұжырымдаманы қолдадым, - дегенді айтқан.

Сөз болып отырған Ұлттық қауіпсіздік тұжырымдамасы. 2001 жылдан бері мұндай құжатты Ішкі істер министрлігі төрт жыл сайын әзірлеп келеді. Жаңа тұжырымдама 30 беттен тұратын құжат. Ол ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерлер тізімі берілген кіріспеден басталады. 

Онда Ресейдің Украинадағы агрессиясы, гибридті қауіптер, киберқылмыстар, халықаралық терроризм мәселесі орын алған. Тұжырымдамада осы қауіптердің алдын алу жолын егжей-тегжейлі сипаттайтын он тармақ бар.

Басылым атап өткендей, тармақтардың  жетіншісі – Латвияның ақпараттық кеңістігіне төнетін қауіптерді жоюға арналған. Сонымен қатар онда  2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Латвияда орыс тіліндегі бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысын тоқтату керектігі айтылған.

Құжат Сеймге де, Президент кеңсесіне де жолданған. Ол 1 қазанға дейін қабылдануы керек. Бұл құжатты Сейм қолдаса, ол міндетті болады. 

Саясаткерлер соны басшылыққа алып, қағидаттар мен негізгі басымдықтарды орындауы керек, - деді ІІМ Салалық саясат департаменті директорының орынбасары Имант Закис. 

Дегенмен орыстілді БАҚ иелерінің бәрі әлі де сақталуы мүмкін деген үміттері бар. Кейбір министрлер бұл мәселені сәл кейінірек көтеруді ұсынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары