$ 494.87  520.65  4.91

Жеті атаға дейін қыз алыспау дәстүрі туралы не білесіз?

Желі қолданушысы жазбасын жеті атадан аспай, қыз алыспау жайлы ел арасында кеңінен таралған аңыз әңгімеден бастаған.

Қазақ халқы ежелден жеті атадан аспай қыз алыспаған, құдаласпаған. Ата-бабамыздың қатаң ұстаған бұл салтының құпиясы жайлы Мадияр Ымайылов есімді Facebook қолданушысы айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Желі қолданушысы жазбасын жеті атадан аспай, қыз алыспау жайлы ел арасында кеңінен таралған аңыз әңгімеден бастаған.

"Жеті атаға дейін үйленбеу дәстүрі түркі тектес халықтардың ішінде тек қазақтарда ғана бар дейміз. Неге екенін білеміз бе? 15-ші ғасырда Қазақ хандығы орнап, оны Керей мен Жәнібек хандар басқарғаны белгілі. Бірде Жәнібек ханның ақылшысы, кеңесшісі Жиренше шешен қатты ауырып, төсек тартып жатып қалыпты. Жақын жерлердегі талай белгілі емші, бақсыларды шақыртып қаратса да, еш ем қонбапты.

Соңында атақты Өтебойдақ деген емші барын біліп, соны шақырады. Өтебойдақтың емінен кейін Жиренше жазылып, дертінен айығыпты. Жәнібек хан емшіге риза болып, бірнеше сұрақ қойыпты. Көп сұрақтарына қонымды жауаптар алып, "Қандай ауруды емдеу қиын? Оның алдын алуға болады ма?" деген соңғы сұрағын қойыпты.

Ал Өтебойдақ емші "Тұқым қуалайтын ауруды емдеу қиын. Алдын алуға болады. Жеті атаға дейін туыс адамдар қыз алыспауы керек" деп жауап берген екен. Өтебойдақ емшінің айтқанын Жәнібек хан жадына тоқып, халыққа жеті атаға дейін үйленуге тыйым салыпты. "Кімде кім жеті атаға толмай үйленсе, өлім жазасына кесілсін" деген жарлық шығыпты", - деді Мадияр Ысмайылов.

Сондай-ақ автор қазақта қыз алысып, құдандалы болу туажаттан басталатынын да жеткізді.

"Енді жеті ата қалай аталатына келсек:

1. Түп ата 2. Тек ата 3. Баба 4. Арғы ата 5. Ата 6. Әке 7. Бала 8. Немере 9. Немелтай 10. Шөбере 11. Шөпшек 12. Немене 13. Жүрежат 14. Туажат 15. Жекжат 16. Жұрағат 17. Қаймана. Қазақтарда өзара құдандаласу - туажаттан басталады. Шежірелерімізді біле жүрейік", - деп жазбасын аяқтады желі қолданушысы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары