$ 447.4  477.55  4.76

Өзбекстанның бірнеше дүркін чемпионы пластикалық отадан кейін көз жұмды

39 жастағы спортшының денсаулығы 23 мамырда нашарлаған.
Фото: Stan.kz
Фото: Stan.kz

Өзбекстанда семсерлесуден әлем чемпионы, халықаралық деңгейдегі төреші Аида Хасанова пластикалық операциядан кейін көз жұмды, деп хабарлайды Kun.uz. 

39 жастағы спортшының денсаулығы 23 мамырда нашарлаған. Кейін дәрігерлердің шешімімен басқа ауруханаға ауыстырылып, кешке жансақтау бөлімінде көз жұмыпты. 
 
Өлім себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Прокуратура тергеп-тексеру шараларын жүргізіп жатыр. 
Аида Хасанова 1983 жылы Ташкентте дүниеге келген. Бірнеше дүркін Өзбекстан чемпионы, 2001-2006 жылдары Орталық Азия чемпионы, 2005 жылы Англияда халықаралық турнирдің алтын медаль жүлдегері атанған. 
2014 жылы Өзбекстан тарихында алғаш болып семсерлесуден халықаралық төреші атанған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары