Бейсенбі күні Иорданияда корольдік үйлену тойы өтті. Иорданияның мұрагер ханзадасы Хусейн бин Абдалла мен оның қалыңдығы Раджва аль-Сайф ресми түрде некеге отырды. Іс-шара корольдік үшін де, Хашимит әлеуеті үшін де ең атаулы әрі маңызды оқиғалардың бірі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Неке қиюға арналған салтанатты іс-шара кеше, бейсенбі күні Амман қаласындағы Захран сарайында ұйымдастырылып, оған Иордания корольдік отбасының мүшелері және корольдік отбасылардың өкілдері мен шет мемлекеттердің басшылары бар 140 қонақ қатысты. Жас жұбайлар «Катб аль-Китаб» ислам жолымен неке қию рәсімін жасады.
Қалыңдық сарайға мұрагер ханзаданың әжесі, өмірден озған патшайым Зейн аль-Шараф үшін арнайы тапсырыспен жасалған, 1968 жылы шығарылған Rolls-Royce Phantom V автомобилімен келді.
Неке қию салтанатты рәсімі аяқталғаннан кейін мұрагер ханзада Хусейн бин Абдаллаға тұрмысқа шыққан үшін қалыңдыққа Ұлы Корольдік жоғары мәртебелі ханшайым Раджва аль-Хусейн атағы берілгені туралы король жарлығы шығарылды.
Іс-шараға Дания, Нидерланды, Бельгия, Жапония, Люксембург, Бутан мен Швеция корольдік отбасыларының мүшелері, оның ішінде Нидерланды патшасы мен патшайымы, Испанияның құрметті патшасы І Хуан Карлос пен патшайым София, сонымен қатар Уэльс ханзадасы мен ханшайымы Уильям мен Кейт қатысты. Сондай-ақ Илон Маск, Джеф Безос, Америка Құрама Штаттарының бірінші ханымы Джил Байден, Әбу-Дабидің кронпринці Халед бин Мохаммад, Қатар шейхі Халиф бен Хамад АльТани және оның жұбайы шейх Моза, Ливан Премьер-Министрі Наджиб Микати және өзге де мәртебелі қонақтар болды.
Хусейн бин Абдалла 1994 жылы 28 маусымда дүниеге келген. Сәбидің аты атасы патша Хусейн бин Талалдың құрметіне орай қойылған. Хусейн АҚШ-тың Джорджтаун университетінде білім алған. Сонымен қатар ол әкесі – король ІІ Абдалла сияқты Сандхерстегі британдық мәртебелі Корольдік академияның түлегі. Иордания қарулы күштерінің капитаны шені бар. Елде король болмаған кезде өзіне регент (монарх орнына мемлекетті уақытша басқарушы) өкілеттігін алады.
Оның қалаулысы Раджва аль-Сайф Сауд Арабиясында орта білім алғаннан кейін Иью-Йорктегі Сиракуз университетінде сәулет саласын оқып, Лос-Анджелестегі Дизайн және мерчандайзинг институтын бітірген. Қалыңдықтың әкесі Араб түбегіндегі тамыры терңде жатқан ең танымал субай тайпасының өкілі және Сауд Арабиясындағы жетекші құрылыс компанияларының бірі – El Seif Engineering Contracting компаниясының негізін қалаушы. Қалыңдықтың анасы Азза бинт Найеф аль-Судаири Сауд Арабиясының негізін қалаған пашта Абдулазиз аль-Саудтың жұбайы Хусса бинт Ахмед аль-Судаиридің әрі Сауд Арабиясының қазіргі патшасы король Салманның шешесінің туысы.
Жастар өткен жылдың қыркүйек айында атастырған болатын. Vogue Arabia басылымы «Мұрагер ханзада қоры» ұйымдастырған форумда Хусейн болашақ жарымен сыныптасы таныстырғанын айтқанын жазған болатын.
«Мен өзімді бақыттымын деп санаймын. Өйткені, күн сайын Раджва сынды аруды жолықтыра бермейсің», - деген еді иордандық кронпринц.
Фото: Захран сарайы Амманның батысында 1957 жылы салынған болатын. Ол Хашимит әулетінің резиденциясы қызметін атқарады әрі ресми іс-шаралар өткізілетін орын саналады. 60 жыл бұрын бүгінде өмірден озған патша Хусейн бин Талал мен ханшайым Мона үйленген болатын. Сонымен қатар 1993 жылы қазіргі патша, сол кездегі ханзада Абдалла мен Рани де некелескен еді.
Неке қию рәсімі аяқталғаннан кейін жас жұбайлар қызыл автомбильдерден жасақталған кортежге мініп, Иордания астанасы көшелерімен жүріп өтті. Жол таламайтын қызыл көліктер шеру – бұл иордандық дәстүрлердің бірі саналады. Бұрындары елдің негізін қалаған І Абдалла патша үстіне қызыл мундир киіп, әппақ жылқыға мінген салт аттыларды ертіп жүретін еді.
Бүгінде қызыз кортеж Парламенттің ашылуы, Армия күні, туелсіздік күні және мемлекет басшыларының ресми сапары сынды үлкен мемлекеттік маңызы бар оқиғалар кезінде қолданылады. Осындай атаулы күндерде кортеж мүшелері, сонымен қатар салт аттылар да Иордания әскери формасын, елде «шемаг» деп аталатын қызыл-ақ торлы бас киім киеді.
Кортеж ашық қызыл түсті, қаруланған 8 Land Rover автомобилінен және 11 мотоциклден тұрады. Ерекше жағдайларға оған жылқы мен түйе мінген салт аттылар қосылады. Ал Иордания қарулы күштерінің оркестрі волынка мен жергілікті музыкалық аспаптармен әскери музыка ойнайды. Ослайша, жол талғамайтын көліктер мен мотоциклдер кортеждің негізгі көлігі төңірегінде қорғаныс шебін құрады.
Үйлену тойы құрметіне арналған шеру Амманның орталық көшелерімен өтті. Көше бойы жас жұбайларды көруге әрі құттықтауға асыққан иордандықтарға лық толы болды. Көшелермен өткен кортеж аль-Хусейнья сарайына барып, сол жерде шамамен 1 700-дей қонақтың қатысуымен үйлесу тойы өтті.
Үйлену тойында жергілікті және өңірлік әншілер, сонымен қатар хор, иордан оркестрі, ұлттық оркестр және ұлттық би ұжымдары өнер көрсетті.
Король сарайының мәлімдемесіне сәйкес, үлену тойында мұрагер ханзаданың, сауд мұрагерінің әскери мансабына және оның қалыңдығына, дәстүрлі иордандық әртістікке құрмет көрсететін орындаушылардың әртүрлі құрамы болған. Сарай мәліметінше, банкет «мемлекеттік банкеттің ресмилік және дипломатиялық аспектілері мен үйлену рәсімінің қуанышты мерекесі мен дәстүрін біріктіреді».
Қабылдау іс-шарасы күйеу жігіт пен қалыңдықтың үйлену тойына арналған тортты кесуімен аяқталды.
Айта кетерлігі, корольдік үйлену тойы неке қию рәсіміне дейін бірнеше күн бұрын басталған мерекелік іс-шаралар тізбегін құрайды. Өткен аптада патшайым Рания қалыңдықтың дәстүрлі қоштасу кеші – «қына түнін» ұйымдастырған болатын. Қоштасу кеші барысында қалыңдықтың қолына қынамен жазу жазу рәсімі өтті.
Ал үйлену тойы қарсаңында ІІ Абдалла патша ұлының үйленуі құрметіне орай бүкіл корольдіктегі қонақтар үшін түскі қонақасын берген болатын. Шамамен 40 мың қонақ қатысқан қонақасы барысында ІІ Абдалла патша мұрагер ханзадаға әділдіктің және отанды қорғаудң нышаны ретінде Хашимиттер отбасы шыққан Бани Хашим тайпасының тарихи қылышының дәлме-дәл көшірмесін сыйға тартты.
Үйлену тойының құрметіне орай елде ұлттық мейрам мен демалыс күні жария етілген. Иорданияның барлық 12 өңірінде мерекелік іс-шаралар өткізілді.