$ 447.4  477.55  4.76

Месси «ПСЖ» футбол клубынан кететін болды

Парк де Пренсте" Лео үшін "Клермонға" қарсы соңғы матч болады.
Фото: Sportbox
Фото: Sportbox

"Пари Сен-Жерменнің" бас бапкері Кристоф Гальтье аргентиналық шабуылшы Лионель Месси маусымның соңында футбол клубынан кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik.kz.

Мессидің "Пари Сен-Жерменмен" келісімшарты маусымның соңында аяқталады. Бұған дейін БАҚ 35 жастағы футболшы жалақысын 75 процентке қысқартуға келіспейтіндіктен клубтан кететінін хабарлаған болатын.

"Мен футбол тарихындағы ең үздік ойыншыны жаттықтыру құрметіне ие болдым. "Парк де Пренсте" Лео үшін "Клермонға" қарсы соңғы матч болады", - деп журналист Фабрицио Романо Twitter парақшасында Гальтьенің сөзін келтірді.

Месси 2021 жылдың жазында "ПСЖ" ойыншысы атанды, ол испаниялық "Барселонамен" келісімшарты аяқталғаннан кейін Париж клубына еркін агент ретінде қосылды.

Желтоқсан айында "Алтын доптың" жеті дүркін иегері өз карьерасында алғаш рет әлем чемпионы атанды. Ол Париж клубы үшін барлығы 74 ойынға қатысып, 32 гол соғып, 35 нәтижелі пас берді.
Месси

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары