$ 494.87  520.65  4.91

Рим Папасы ауруханаға түсті

Италиялық ақпарат агенттіктері Рим Папасы дене қызуының көтерілуіне байланысты қабылдау шараларын кейінге қалдырған.
Фото: Stan.kz
Фото: Stan.kz

Рим Папасы Франциск I ауруханаға түсті. 86 жастағы Рим-католик шіркеуінің басшысы Италиядағы емханалардың біріне жатқызылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Ansa агенттігі жазды. Дерекке сүйенсек, 86 жастағы Рим Папасының дене қызуы көтеріліп кеткен. Сол себепті Италиядағы емханалардың біріне жатқызылған. Сол жерде толық ем-шарадан өтеді. 

Айта кетейік, Франциск I денсаулығы біраз уақыт бұрын сыр бере бастаған. 2021 жылдың жазында ішек операциясын жасатты. Кейіннен толық емделіп шыққанын мәлімдеген. Бірақ аяқтан жарақат алып тағы ауруханаға жатып шыққаны БАҚ беттерінде жазылуда. 

Италиялық ақпарат агенттіктері Рим Папасы дене қызуының көтерілуіне байланысты қабылдау шараларын кейінге қалдырған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары