$ 447.4  477.55  4.76

Гаагада Украинаның Ресейге қарсы шағымына байланысты алғашқы сот тыңдауы өтті

Бұл – халықаралық сотта Украинаның шағымы бойынша қарала басталған Ресейге қарсы алғашқы процесс.
фото: bbc.com
фото: bbc.com

Гаагадағы БҰҰ халықаралық сотында Украинаның Ресейге қарсы шағымына байланысты алғашқы тыңдау өтті, деп жазады Азаттық. 

Шағым түсіруші жақ Ресейді "терроризмді қаржыландырумен күрес" және "нәсілдік алалаудың кез келген түрін жою" туралы халықаралық конвенция шарттарын бұзды деп айыптап отыр. Бұл жөнінде “Неміс толқыны” жазды.

Тыңдау 8, 12 және 14 маусымда жалғасады. Одан кейін сот үкімі шығады. БҰҰ-ға шешім шығару үшін бірнеше ай қажет.

Украина сыртқы істер министрлігінің айырықша істер жөніндегі уәкілі Антон Кориневич Гаагадағы отырысты алты жылдық жұмыстың шарықтау шегі деп атады. Оның айтуынша, бұл – халықаралық сотта Украинаның шағымы бойынша қарала басталған Ресейге қарсы алғашқы процесс.

Сотта қаралып жатқан оқиғалар 2014-2015 жылдары жасалған деп айтылады. Гаагадағы украин делегациясы өкілдерінің айтуынша, олардың қолында Ресейді жауапқа тартуға негіз беретін өзге де құжаттар бар: украин халқына жасалған "геноцид ісі", Халықаралық қылмыстық соттың Ресей президенті Владимир Путин мен Ресей омбудсменін тұтқындау туралы ордер, Ресейдің Украинаға басып кіруіне байланысты іс.

БҰҰ халықаралық сотының шешімін екі тарап та орындауға міндетті. Ресей делегациясы "Неміс толқыны" журналистерінің сұрақтарына жауап беруден бас тартқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары