23 жастағы Ресей азаматы Владимир Попов 8 маусымда Египеттің Хургада қаласында жолбарыс акуласының шабуылынан қайтыс болды. Қазір оның денесі мәйітханада - сот-медициналық сарапшылар жігіт өлімінің жан түршігерлік жай-жапсарын айтып берді. Бұл туралы Jauns хабарлады.
Қайғылы оқиғадан бір тәулік өткен соң жергілікті балықшылар жыртқышты тормен ұстап алғаны хабарланды. Акула ішінен Владимирдің басы мен қолы табылған. Медициналық сарапшы ер адамның мәйітханаға денесінің жартысы келгенін айтты.
"Қызыл теңіздегі денсаулық сақтау басқармасы тіркеген мәліметтерге сәйкес, мәйіт Хургададағы жалпы аурухананың мәйітханасына дененің бөлшектеніп, бет-әлпеті адам танымастай бұзылып келгенін хабарлаған. Оны анықтау тіпті қиын. Ал басы толығымен мыжылған", - деп түсіндірді дәрігерлер.
Қазір мәйіт прокуратура мен сот-медициналық сараптаманың қарауында, тергеу аясында сараптама жүргізіп жатыр. Қайғылы оқиғаға куә болған Владимир Поповтың әкесі әлі күнге дейін денені ала алмай жүр. Ол ұлын кремациялап, кейін туған жерінде жерлеу үшін тасымалдауды жоспарлап отыр.
"Марқұмның денесі тергеу барысына қызмет ететін процедураларды аяқтамайынша оның отбасына берілмейді", - деді Турпром ауруханасының өкілі.
Емханадағы дереккөз акула марқұмның денесін бөлшектеп, ішкі ағзасы мен қолын, басын жұтқанын айтты.
Дереккөз: massaget.kz