16.06.2023, 16:40

Қытайдан миллионерлер кетіп жатыр

Фото: pixabay
Биыл Қытайдан 13,5 мың бай-дәулетті тұрғын өзге мемлекетке қоныс аударады.

Биыл Қытайдан 13,5 мың бай-дәулетті тұрғын өзге мемлекетке қоныс аударады, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Бай тұрғындарынан айырылған елдер тізімінде екінші орында – Үндістан. Ол жақтан 6,5 мың миллионер кетуі ықтимал. Сондай-ақ Гонконг, Оңтүстік Корея мен Жапония да ауқатты адамдардың өмір сүруіне қолайсыз болып тұр. 

Ал Австралия, керісінше, байлар үшін тартымды елге айналды. Дәулеттілерге жағатын мемлекеттер қатарында, Біріккен Араб Әмірліктері, АҚШ, Швейцария мен Канада бар.