23.06.2023, 22:30

Танымал түрік курортында орман өртеніп жатыр

Фото: azattyq-ruhy.kz
Өртті сөндіруге бес ұшақ, төрт тікұшақ және 20 өрт сөндіру көлігі жұмылдырылды.

Түркияның Мармарис қаласының маңында орман өртенді, деп хабарлайды Azattyq-ruhy.kz.

Орман өрті бүгін Мугла провинциясындағы Түрік Мармарис курортында басталды, деп хабарлайды Түркияның орман басқармасы.

«Біз Мармаристегі дала өртін бес минуттан кейін сөндіре бастадық», – делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге бес ұшақ, төрт тікұшақ және 20 өрт сөндіру көлігі жұмылдырылды. Әлеуметтік желілерде кең таралған бейнежазбаларда Мармаристегі тұрғын үйлерге жақын жерде орман өртеніп жатқанын көруге болады.

Сондай-ақ жұма күні Антальядағы Каш курортында да орман өрті пайда болды, бірақ өрт бір сағат ішінде сөндірілді, бір гектарға жуық аумақтағы ағаштар зақымдалды.