$ 443.44  480.51  4.88

БАҚ: Пригожиннің үстінен қозғалған қылмыстық іс тоқтамаған

Пригожинге байланысты қылмыстық істің тоқтатылатынын 24 маусымда Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков айтқан.
Фото: azattyq.org
Фото: azattyq.org

"Вагнер" жалдамалыларының жетекшісі Евгений Пригожиннің үстінен бүлік ұйымдастырғаны үшін қозғалған қылмыстық іс әзірге тоқтамаған, оны Ресей федералды қауіпсіздік қызметінің тергеушілері тергеп жатыр. Бұл жөнінде "Коммерсантъ" басылымы хабарлады.

РИА "Новости" мен ТАСС-тың Ресей бас прокуратурасындағы дереккөздері де Пригожин үстінен қозғалған қылмыстың істің тоқтамағанын айтқан.

Пригожинге байланысты қылмыстық істің тоқтатылатынын 24 маусымда Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков айтқан. Не себептен, қандай негізде тоқтатылатынын нақтыламаған. Ол "Пригожин Беларусьқа кетеді" деген болатын.

Ресей бас прокуратурасы Пригожин ісі туралы ресми хабар таратпаған. Бейресми ақпаратқа қарағанда, бүлікті тергеу ісі әзір жалғасып жатыр, нақты шешім қабылдауға әзірге ерте.

23 аусымда "Вагнер" жалдамалыларының жетекшісі Евгений Пригожин Ресей қорғаныс министрлігін "тылымыздан зымыранмен атты" деп айыптап, қорғаныс министрі Шойгу мен бас штаб бастығы Валерий Герасимовты жауапқа тарту үшін Мәскеуге қарай "әділет жорығына" аттанатынын мәлімдеген.

"Вагнер" жалдамалылары бір тәулікте Дондағы Ростов пен Воронеж қалаларына бақылауға алып, әрі қарай Мәскеуге кеткен.

24 маусымда "Вагнер" Мәскеуге шамамен 200 шақырым қалғанда Пригожинмен Александр Лукашенко сөйлесіп, "Вагнердің" кейін қайтқаны хабарланған.

Қазір Пригожиннің қайда екені белгісіз. Соңғы рет оны Дондағы Ростов қаласынан кетіп бара жатқаны жайлы видео тараған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#пригожин