$ 441.66  475.14  4.86

Рим Папасы қасиетті Құрбан айт кезінде Құранды өртегендерге ашулы екенін айтты

Еске салсақ, бұған дейін 28 маусымда Ирак иммигранты мұсылмандардың қасиетті Құрбан айт мерекесінде Стокгольм орталығында намаз кезінде Құранды өртеп жіберген еді.
Фото: Stan.kz
Фото: Stan.kz

Рим Папасы Франциск Швецияда Құрбан айт мейрамы кезінде Ирактан келген босқынның Құранды өртегеніне қатты ашулы екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Рим Папасы Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына мүше елдерді діндеріндегі қасиетті дүниелерін қайта-қайта қорлауға қарсы шара қолдануға шақырды.

Мен ашулымын, мұндай әрекеттерді көрсем жиіркенемін. Адамдар қасиетті деп санайтын кез келген кітапқа сенушілерге құрметпен қарау керек, - деді ол Эмираттың Al Ittihad газетіне берген сұхбатында.

Еске салсақ, бұған дейін 28 маусымда Ирак иммигранты мұсылмандардың қасиетті Құрбан айт мерекесінде Стокгольм орталығында намаз кезінде Құранды өртеп жіберген еді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары