Копенгагенде Ирактың Даниядағы елшілігі ғимаратының алдында Құран көшірмелерін өртеу акциясы өтті, деп хабарлады turkystan.kz.
Арандату шарасын «Danske Patrioter» («Дат патриоттары») тобының мүшелері ұйымдастырды. Олар акцияны әлеуметтік желіде тікелей эфирде көрсетті.
Ұйымдастырушылар бұл әрекетін Бағдадтағы Швеция елшілігіне жасалған шабуылға наразылық деп түсіндірді. Акция полицияның күшейтілген күзетімен және БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтті.