$ 494.87  520.65  4.91

Түркия қонақүйлерінде all inclusive жүйесіне тыйым салынбақ

Елдегі көптеген бизнесмендер "бәрі ішінде" жүйесін жоюды жақтауда.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Түркия қонақүйлерінде all inclusive (бәрі ішінде) жүйесінен бас тарту басталды, деп хабарлайды Tengritravel.kz.

Елдегі көптеген бизнесмендер "бәрі ішінде" жүйесін жоюды жақтауда. Өйткені осы жүйе бойынша демалуға келген туристер қонақ үйден шыққанда ақша жаратпайды да, Түркия бизнесіне пайда әкелмейді екен.

Осылайша, туризмнің өзге салалары - медициналық туризм, қарапайым жағажай туризмі деген сияқтылар, all inclusive жүйесін таңдайтын туристерден көбірек түсім әкелетін болып отыр.

Бұл туралы Түркиялық саудагерлер мен қолөнершілер конфедерациясының (TESK) президенті Бендеви Паландекен жергілікті БАҚ-қа берген сұхбатында айтты. Сондықтан Түркияда туризмнен пайданы өсіру үшін "бәрі ішінде" жүйесінен бас тарту керек деген пікір айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары