$ 441.44  473.09  4.75

Джеки Чан домбыраның сүйемелдеуімен ән шырқады (ВИДЕО)

Этникалық қазақтар шоғырланған аймаққа актер фильмге түсуге барған.
Коллаж: видеодан алынған кадр
Коллаж: видеодан алынған кадр

Әлемге атақты актер Джеки Чан домбыраның сүйемелдеуімен өз әнін шырқады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Осыған дейін Джеки Чан ҚХР Іле Қазақ автономдық округіне фильмге түсуге барған. Ол кезде этникалық қазақтар актерге шапан мен жылқы сыйлады. Бұған дейін Чжеки Чанға шапан мен домбыраны әнші Димаш Құдайберген сыйлаған болатын.

Джеки Чан Қазақстанға 2017 жылы келген болатын. Ол сол кезде Қазақстанда фильм түсіргісі келетінін айтқан еді.

10 жыл бұрын Қазақстанның Гонконгтағы елшісі Қазақстанның бай ресурстары жайлы айтып берген болатын. Бес жыл бұрын елші маған тағы да Қазақстан жайлы айтып берді. Шынымды айтсам, Қазақстанға келіп, осында кинематографиямен айналысуды армандайтынмын. Бірақ, амал не, уақыттың тығыз болуына байланысты бұл арманым сол күйі орындалмаған еді. Бірақ мен болашақта міндетті түрде Қазақстанға келіп, осы іспен айналысқым келеді, - деді актер.

Айта кетейік, Іле Қазақ автономиялық аймағы Шыңшаң Ұйғыр автономиясының құрамына кіретін Қытайдың автономия ішіндегі автономиялық әкімшілік-аумақтық бірлігі. Облыс орталығы – Құлжа (қытай транскрипциясында - Инин) қаласы бір мезгілде Іле аймағының да орталығы. Қытайдағы бірден-бір орынбасар өлке дәрежелі автономиялық облыс.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары