$ 494.87  520.65  4.91

Британдық дәрігерлер Лондон мэрінен ауасы таза аумаққа ескі көліктерді кіргізбеуді сұрады

Ұлттық денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтерге жұмсалатын болжамды шығындар 2017 және 2025 жылдар аралығында 1,6 миллиард фунт стерлингке бағаланады.
Фото: pexels.com
Фото: pexels.com

Жүздеген британдық дәрігер саясаткерлерді ауаның ластануы туралы бастамаларды ұстануға шақырды. Медицина қызметкерлерінің айтуынша, олар күн сайын ластанған ауаны ингаляциялаудың пациенттерге тигізетін жойқын әсерін байқайды, деп хабарлайды The Guardian.

Ауаның ластануы - халықтың денсаулығына ең үлкен экологиялық қауіп. Бұл жағдай Ұлыбританияда жыл сайын 28-ден 36 мыңға дейінгі адам өліміне алып келеді. Ауаның ластануының салдарын жою үшін Ұлттық денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтерге жұмсалатын болжамды шығындар 2017 және 2025 жылдар аралығында 1,6 миллиард фунт стерлингке бағаланады.

Жақында лейбористер партиясының өкілдері Лондон мэрін елорданың бензин және дизельді қозғалтқыштары бар ескі көліктердің кіруі үшін қолжетімді географиялық аймағын кеңейтуге шақырды. Лондонның орталық бөлігін қамтитын аумақ, Ұлыбритания астанасында 2021 жылы пайда болды және ULEZ (Ultra Low Emission Zone – ультра төмен эмиссия аймағы) деп аталды. Сол аймаққа кіру үшін кейбір көліктердің иелеріне ақы төлеуге тура келеді.

Шенеуніктер әкімге ULEZ-ті қысқартуды және қаланы барлық жүргізушілер үшін қолжетімді етуді ұсынды.

The Guardian-ның жазуынша, 400-ден астам дәрігер британдық пациент күн сайын ластанған ауамен тыныс алудың әсерін сезінетіндіктен, әкімнен көліктерге қойылған шектеулердің күшін жоймай, сақтап қалып,  басқа ешқандай шара қолданбауды сұрады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары