$ 441.66  475.14  4.86

Жанармай құю бекетінде болған күшті жарылыстан ондаған адам қаза тапты

"Лента дня" Telegram-арнасының хабарлауынша, құрбан болғандар саны 75.
Фото: zakon.kz
Фото: zakon.kz

Махачкаладағы жанармай құю бекетінде күшті жарылыс болып, салдарынан 27 адам қаза тапты, оның үшеуі балалар, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Лента дня" Telegram-арнасының хабарлауынша, құрбан болғандар саны 75.

Дағыстан Республикасының басшысы Сергей Меликовтың айтуынша, жанармай құю бекетіндегі жарылыс жергілікті уақыт бойынша 21:40-та (Астана уақыты бойынша 00:40) болған.

Өрт сөндірілді, Төтенше жағдайлар министрлігі оқиға орнында аумақты тазарту жұмыстарын жүргізуде.

Ресей Федерациясының Тергеу комитеті Махачкаладағы жарылыс фактісі бойынша Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 238-баптың 3-бөлігі "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан тұтынушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келмейтін қызметтерді көрсету" бойынша қылмыстық іс қозғады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары