$ 443.37  474.49  4.83

Лионель Месси – футбол тарихында ең көп жүлде алған ойыншы

Бұл – Лионель Мессидің жаңа клуб құрамындағы алғашқы жетістігі.
Фото: elgrafico.com.ar
Фото: elgrafico.com.ar

MLS + MX Лигасы кубогінің финалдық матчы аяқталды. Финалда «Нэшвилл» командасы «Интер Майами» ұжымымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Командалар Нэшвилдегі (АҚШ) «Геодис Парк» стадионында ойнады. Матчтың негізгі уақыты тең есеппен аяқталды – 1-1. Матчтан кейінгі пенальти сериясында «Интер Майами» футболшылары мықтылық танытты.

Бүгінгі матчтағы жеңісінің арқасында «Интер Майами» MLS + MX Лигасының кубогіне қол жеткізді. Бұл – Лионель Мессидің жаңа клуб құрамындағы алғашқы жетістігі. Осылайша, аргентиналық футболшы кәсіби мансабындағы 44-ші атағын иеленіп, футбол тарихындағы ең титулы көп ойыншы атанды.

Бүгінгі ойынға келер болсақ, Месси бірінші таймда гол соқты, сондай-ақ пенальти сериясында да қақпаға доп кіргізіп, мықтылығын дәлелдеді.

Бүгінге дейін Месси қоржынында 43 титул бар еді. Мансабын аяқтаған бразилиялық қорғаушы Дани Альвес та осынша титул олжалаған. Енді аргентиналық ойыншы 44-ші атағына қол жеткізіп, көш басына шықты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары