$ 442.05  474.14  4.74

Байден Пригожиннің өліміне қатысты пікір білдірді

Путиннің жауларына өте қатты сигнал жібергенін көрсетеді.
Фото: РИА Новости
Фото: РИА Новости

Джо Байден журналистерге болған оқиға туралы нақты ақпарат жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мен [Пригожинмен] не болғанын нақты білмеймін, бірақ мұндай жаңалыққа таңқалмадым. Ресейде Путин араласпаған оқиға кемде кем, - деді Байден. "Бірақ менде жауапты білу үшін жеткілікті ақпарат жоқ".

Іnbusiness.kz мәліметінше, Эстонияның премьер-Министрі Кая Каллас CNN-ге берген сұхбатында Путиннің "Вагнер" ЖӘК ұшағының апатқа ұшырауына қатысы бар деген нұсқаны жоққа шығармаған.

Егер оның өлімі рас болса, бұл Путиннің қарсыластарын жойып жатқанын көрсетеді және бұл [Путиннің пікірінен] басқа пікір білдірген кез келген адамды не күтетінін көрсетіп, қорқыту әрекеті, - деді Каллас.

Британдық парламенттік комитеттің төрағасы Алисия Кернс Х әлеуметтік желісінде "Ресей үкіметінің Евгений Пригожиннің апатқа ұшыраған ұшақта болғанын растаған жылдамдығы біраз дүниенің бетін ашты" деп жариялады. Кернстің айтуынша, Вагнердің ұшағын Ресейдің Әуе қорғанысы күштері атып түсірді деген хабарлар "Путиннің жауларына өте қатты сигнал жібергенін көрсетеді".

Польшаның сыртқы істер министрі Збигнев Рау TVP info Мемлекеттік жаңалықтар арнасының эфирінде борттағы Пригожинмен бірге ұшақтың апатқа ұшырауын кездейсоқтық деп айту өте қиын деп мәлімдеді.

Владимир Путин өз билігіне қауіп төндіреді деп санайтын саяси қарсыластардан осылай құтылады, - деді Рау.

Ресейдің "Вагнер" жеке әскери компаниясының басшысы Евгений Пригожин 23 тамызда кешке Мәскеудің солтүстігінде апатқа ұшыраған жеке ұшақтың жолаушылар тізімінде болды. Борттағы адамдардың ешқайсысы аман қалған жоқ, деп хабарлады Ресей билігі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары