$ 494.87  520.65  4.91

Коронавирус: Жаңа вакцина жасалып жатыр

Әлемнің 51 елінде "Эрис" штаммын жұқтырғандар саны 17 пайызға жеткен.
Фото: Zuma/ТАСС
Фото: Zuma/ТАСС

Коронавирустың "Эрис" штаммына қарсы жаңа вакцина қыркүйекте жасалып бітеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

"BioNTech" және "Модерна" концерндері екпені нарыққа шығаруға дайын. Бірақ бұл үшін барлық тиісті рұқсат қағаздарын алу қажет. Вакциналар бір реттік дозамен беріледі.

Германиядағы дәрігерлер екпені жасы 60-тан асқан қариялар мен олардың туыстарына қабылдауға кеңес береді. Әлемнің 51 елінде "Эрис" штаммын жұқтырғандар саны 17 пайызға жеткен. Бір ай бұрын ғана бұл көрсеткіш 7-ақ пайыз еді. Мамандар аталған мутация жұқпалы, бірақ аса қауіпті емес дейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары